LR компаниясының құндылықтары: жауапкершілік, сенім, іске деген сүйіспеншілік

LR компаниясының мақсаты мен жауапкершілігі - жер шарындағы әрбір адамға инновациялық және экономикалық тұрғыдан тартымды өнімдердің, сату бойынша серіктестерге арналған ыңғайлы бизнес-моделдің, барлық қызметкерге арналған мол мүмкіндіктердің көмегімен өзінің өмір деңгейін жақсартуға мүмкіндік беру, сондай-ақ тамаша сапа мен барлық саладағы біліктілік те LR компаниясының әдетте айналысатын ісі болып табылады. 

Мұның негізі LR компаниясының құндылықтары болып табылады: іске деген сүйіспеншілік, сенім, жауапкершілік

Жауапты және адам құндылықтары мен ықыластарына бейімделген корпоративтік мәдениет LR компаниясының ұзақ мерзімді халықаралық табысының жоспарын құрайды. Ол дәл икемділік пен тұрақтылық арасындағыдай, инновация мен дәстүр арасындағы теңдікті есепке алады. LR компаниясының қызметінде жаңа процестерді, механизмдерді және құралдарды ендіруді қолдау, сондай-ақ жауапкершілікті сезіну және компания құндылықтарына сәйкес әрекет ету өте маңызды. 

LR компаниясы үшін адам басты назарда тұрады. Батылдықпен, жауапкершілікпен және іске деген сүйіспеншілікпен. 

Werte Leidenschaft

Іске деген сүйіспеншілік: адамдарға, өнімдерге және іске деген қызығушылық. LR компаниясы үшін адам басты назарда тұрады. Бұл компанияның бүкіл қызметі серіктестердің табысқа жетуіне бағытталған. Басқа адамдарды табысты ету - LR компаниясының еліктіретін ісіне айналды. LR компаниясының табысты серіктестері: LR - бұл жұмыс емес, LR - бұл өмір екенін мойындады.

Werte Vertrauen

Сенім: компания жеткізушілер, ынтымақтасушы серіктестер, қызметкерлер, сонымен бірге өнімдерді сату бойынша серіктестер үшін өте сенімді. LR қызметі адалдыққа, ашықтыққа және әділдікке негізделген. LR адамдардан жалтармай, керісінше, адамдармен бірге олардың игілігі үшін жұмыс істейді. LR компаниясында әркім, өзінің дайындығына және компанияға келген уақытына қарамастан, бар күш-жігерін салып, зор кәсіби шыңдарға қол жеткізе алады.

Werte Verantwortung

Жауапкершілік: біз «саналы азамат» ретінде өзіміздің қоршаған ортамызға бар жауапкершілікпен қараймыз. LR компаниясының өнімдері сертификатталған және ең жоғарғы талаптарға сай келеді. LR жаһандық компания болғанмен, ол жергілікті тұрғыда ойлайды және адамдар мен өз қызметін жүзеге асыратын елдердің алдындағы өз жауапкершілігін сезінеді. ЖАҺАНДЫҚ БАЛАЛАР ҚОРЫНЫҢ көмегімен LR компаниясы өзі танылған елдерде, жергілікті қайырымдылық жобаларға қатыса отырып, үлкен жауапкершілікті өз мойнына алады. 

Why LR

Values
Company carRemuneration systemRecognition
Success stories

LR products

Products cataloguesLR ALOE VIALR ZEITGARDDeluxe

LR star-concept

Guido Maria KretschmerCristina FerreiraKarolina KurkovaBruce Willis

Company LR

DevelopmentDirect salesLR GLOBAL KIDS FUND
Д-р Томас ШтофмельThomas HeursenDr. Andreas Laabs

Networked with:

TwitterFacebookXINGLinked inYoutubeInstagram

Member of:

BDDBDIHVKESELDIA

Cooperation with:

Mercedes-BenzVolkswagenPorscheDHLIASCSGS INSTITUT
FRESENIUS
DermatestZEITGARD