LR Health & Beauty Systems GmbH компания Серіктестерінің тәртіп ережесі.

Бұл ереже жиынтығы LR компания серіктестерінің жұмыс тәртібін, соңғы сатушымен және басқа да тікелей сату компанияларымен ,сондай-ақ өз өзімен жұмыс істеу тәртібін реттейді.Бұл ереже серіктестердің арасындағы өзара әділетті қарым-қатынастың үлгісі болуы тиіс.
Бұл этикалық кодекс LR компаниясының құндылықтарын көрсетеді. Сонымен қатар, серіктестердің сондай ақ, тұтынушылардың LR бизнес моделіне деген қабілеттілігін,компанияның көп жылдық дәстүрі мен даңқын нығайтуына және қорғауына қызмет етуі тиіс.   

1. Тұтынушыларға деген қарым- қатынасы.

LR Серіктесі Клиентке жоғары деңгейде қызмет көрсетуі тиіс.
Бұл үшін төмендегі ең маңызды мәселелер:

1.1. LR Серіктестері сатудың тек қана әділ және таза әдістерін қолдануы қажет.

1.2. Тұтынушыға  міндетті түрде нақты және толық мәлімет берілуі тиіс. Осыған қоса, баға жөніндегі мәліметтер, төлеу және тауардың кері қайтарылуы туралы,сондай-ақ уақытша тоқтата тұру туралы мәліметтер берілуі тиіс.  Қандай жағдай болмасын,берілген ақпараттар компанияның ресми мәліметіне сәйкес келуі тиіс

1.3. LR Серіктестері  тұтынушылардың жеке өміріне қол сұқпай сыйластықпен қарау керек,егер тұтынушы өз келісімін берсе,бұл жағдайда өнімдері мен кәсіптері туралы таныстыру өткізуіне болады. Серіктестің жеке мәліметтері айқын басылымдылықпен сақталады.

1.4. LR Серіктестері әдепті мінез-құлықтарымен айрықша болуы қажет.Олар өз мақсатына        жету үшін тәжірибесіздігін,науқастықтығын,жасын немесе тіл білмеуін көрсетпеуі тиіс.

1.5. Тұтынушының қабылданған тапсырысы жақын арада орындалуы қажет. Жіберілген елдің нақты жағдайына байланысты жіберілетін тауар нақты мерзімде іске асырылады.

2. Жаңа Серіктестерді іздестіру жолдары.

Жақсы демеушіліктің басты қағидасы- ашық және әділетті болу.

2.1. Демеуші табыс табу мүмкіндігі жайлы,жұмыста жоғарылау, сонымен қатар осыған байланысты шығындыр жайлы толық мәліметтер  беруі тиіс.

2.2. Серіктестердің берілген мысалдары нақты   мәліметтермен сәйкес келуі қажет. Қандай  да бір кіріс көлеміне кепілдік бермеуі тиіс.   

2.3. Тұтынушыға көрсетілген өнім туралы мәліметтер компанияның арнайы көрсетілген мәліметтерімен толық сәйкес келуі тиіс.

2.4. Басқа да тікелей сатылым өнімдерімен айналысатын компанияларға теріс баға беруге тыйым салынады.

3. LR Серіктестер арасындағы қарым-қатынас.

Басқа құрылымдар арасында өзара сыйластықпен шынайы, жақсы бәсекелестік болуы керек.

Басқа құрылымдағы серіктестерді өз жағына қызықтырып тарту қатаң тыйым салынады.Осыған байланысты рұқсат етілмейтін келесі әрекеттер:

  • Серіктестерді арандатушылық әрекетпен басқа құрылымға өту үшін үлкен мүмкіндіктер мен қызметтік көтерілуіне уәде беруі.
  • Серіктесті келісім шарттың бұзуына үгіттеу(серіктес басқа құрылымда және басқа адамның атында).
  • Басқа құрылымдар мен серіктестер жөніндегі кері пікірлер мен ойлар.
  • Пікірталастар көпшілікке белгілі болмауы керек (газет-журналдар, ЖАҚ  және басқа да  бұқаралық ақпарат ресурстары).

4. Серіктестердің басқа да тікелей өнім сатумен айналысатын компанияға деген көзқарасы

Кез келген тікелей өніммен айналысатын компанияға құрметпен қарау.

4.1. Басқа да тікелей өніммен айналысатын серіктестерді қызықтырып өз құрылымы жағына тарту этикалық нормаға жатпайды, сонымен қатар, LR компаниясы атынан айыпталады. Осы арада мынадай әрекеттер жіберілмеуі тиіс:

  • Жүйелі үндеудің көмегімен толық құрылымды серіктестерді өз жағына тарту.
  • Теріс сарапшылықтар және компания туралы теріс ойлар(ақша табу мүмкіндігі т.с.с) 
  • Серіктестерді компания арасындағы келісімді бұзуына үгіттеу.
  • Басқа компанияға өткен жағдайда сыйақының берілуі немесе осы секілді сыйақының берілуіне уеде беру.

4.2. Басқа  тікелей өніммен айналысатын серіктестерді жалған ақпараттардың көмегімен басқа компанияға өтуіне сендіру.

5. LR Серіктестерінің өзінің компаниясына деген қарым-қатынасы

LR Серіктесі келісім шартқа отырған компаниямен жақсы қарым-қатынаста  болуы қажет.


5.1. LR Серіктесі өз жұмысында әділ және дұрыс әдістерді қолдана білуі керек. Маркетингтік жоспарлармен әр текті алдап-арбау әдепке қарсы келеді және көп мөлшерде Компанияның бизнесіне  үлкен дәрежеде нұқсан келтіруі мүмкін.Мұндай жағдайда,келесі  іс-әрекеттерді айрықша белгілеу қажет:
Өнімнің жүйелі сатылуы және оның жөнсіз қайтарылуы,өнімнің төмен бағада сатылуы, серіктестік келісім шартымен айла әрекеттері т.с.с

5.2. LR Серіктесі әрқашанда компанияға адал, әділ сонымен қатар, компанияның лайықты өкілі болуы қажет.Серіктес мүмкіншілігі келгенше компанияның ішкі жағына кері әсерін тигізетін жағдайлардан қорғау үшін барлық шараларды қолдануы қажет.

5.3. LR Әріптестерінің мінез-құлықтарының негізі LR Health & Beauty Systems GmbH Компаниясының бизнесті жүргізуінің тірек шарттары болып табылады.

6. Серіктестердің қоғамдағы тәртіп ережесі

LR Серіктестері өздерін салмақты, іскер  адам ретінде ұстауы керек.


6.1. LR Серіктесі компанияның тікелей қызметкері болып табылмайды,оның өкілетті емес сондай-ақ, ешқандай шындыққа сәйкес келмейтіндей әсер қалдырмауы керек.

6.2. Компания, баспасөз,теледидар және радио қызметтерімен қарым-қатынаста болуына толық құқылы. ЖАҚ  тарапынан  келген сауалдар міндетті түрде LR компаниясына жіберілуі шарт.Әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатынастар белгілі бір тәуекелге апаруы мүмкін.(Facebook, Twitter және басқа да әлеуметтік желілер,форумдар). LR компаниясына,серіктестеріне, басқа да компанияларға қатысты ой-пікірлердің барлығы дұрыс және түзу болуы шарт.Кейбір жағдайларда өз ниеттерін білдіру үшін LR компаниясымен келісіп жасасқан жөн.

Берілген этикалық кодекс барлық LR Компаниясының Серіктестестері орындауы тиіс.

Why LR

Values
Company carRemuneration systemRecognition
Success stories

LR products

ZEITGARDProducts cataloguesAloe VeraColostrumMicrosilverDeluxe

LR star-concept

Guido Maria KretschmerCristina FerreiraKarolina KurkovaBruce Willis

Company LR

DevelopmentDirect salesLR GLOBAL KIDS FUND
Д-р Томас ШтофмельThomas HeursenDr. Andreas Laabs

Networked with:

TwitterFacebookXINGLinked inYoutubeInstagram

Member of:

BDDBDIHVKESELDIA

Cooperation with:

Mercedes-BenzVolkswagenPorscheDHLIASCSGS INSTITUT
FRESENIUS
DermatestZEITGARD