LR Health & Beauty Systems GmbH (LR) компаниясының құпия сақтау саясаты

Сіздің жеке деректеріңіздің сенімді қорғануының бізге үлкен маңызы бар. Біздің корпоративтік саясатымыздың маңызды бөлігі сіздің деректерді заңды және жауапты қолдану болып табылады. Осыған сіз туралы қандай мәліметтерді дерекқорымызда сақтайтынымыз жайында өзіңізге ақпарат беру жатады. Біздің мақсатымыз - сіздің бізге деген сеніміңізді сақтау және деректердің қауіпсіз сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Біз сізге байланысты қандай деректер, қандай көлемде және қандай мақсатпен пайдалануымыз туралы хабарлаймыз.

 1. Жеке деректерді алу

Біз дербес деректерді логинмен және құпия сөз арқылы ғана кіріп көруге болатын сайттардан (мына деректерді қоспағанда: есім, мекенжай, телефонның нөмірі, электрондық поштаның немесе IP- мекенжайы) жимаймыз.

1.1 Деректердің байланыс жасау формулярына енгізілуі
Сіз өзіңіз жайлы деректерді осы сайтта енгізесіз немесе оларды бізге электрондық поштаға ерікті негізде жібересіз. Біз сіздің сұраныстарыңызға жауап беру және қажетті ақпаратты беру мүмкіндігі болуы үшін, біз осы деректерді сақтаймыз және өңдейміз. Сіз LR компаниясының серіктесі болғыңыз келген жағдайда, біз сізге байланысты мәліметтерді біздің дерекқорымызда одан әрі өңдеу және сізді LR серіктесі ретінде тіркеу мақсатында сақтаймыз. Егер сіз басқа мемлекеттегі LR компаниясының серіктесі болуға ниет білдірсеңіз, сіздің дербес деректеріңіз біздің компаниямыздың лайықты филиалына жіберіледі.

1.2 Etracker / Cookies (сайтқа кіріп-шығу тарихы)
Осы сайтта статистиканы жүргізу үшін - etracker GmbH(www.etracker.com) технология базасында деректердің жиыны және сақталуы жүзеге асырылады. Мұндай деректер негізінде пайдаланушының профильдері лақап атпен құрылады. Осы үшін cookies деректері пайдаланылуы мүмкін. Cookies - бұл сіздің компьютеріңізде сақталатын кішігірім мәтіндік деректер. Cookies сіздің интернет-браузеріңізді айқындауға мүмкіндік береді. Etracker технологиясы арқылы алынатын деректер, сіздің келісіміңізсіз шынайы пайдаланушыны анықтау үшін пайдаланылуы және жүйеде пайдаланылатын лақап атпен байланысы болуы мүмкін емес. Барлық сақталған деректер статистиканы жүргізу ушін ғана пайдаланылады және басқа кісілерге коммерциялық немесе басқа мақсаттарда берілмейді.

1.3 Үшінші тараптарға берiлуі. 
Кейбір байланыс жасау формуляры арқылы алынған деректерге қарамастан,жеке деректер үшінші тараптағы адамға берілмейді. Біз мекенжай немесе өзге деректердің айырбасын іске асырмаймыз. Сіздің жеке мәліметтеріңіз біз немесе осы жұмысқа құқылы IT-мамандары арқылы жүзеге асырылады.

2. Қауіпсіздік.
Біз сіздің жеке мәліметтеріңіздің болжаусыз және құқықсыз жоқ болып кетуі,өзгеруі немесе жоғалуы,сонымен бірге санкциясыз беріп жіберу немесе оларға рұқсат беру мүмкіндігін болдырмау үшін , сәйкес техникалық және ұйымдастыру қауіпсіздік шараларын қолданамыз.

3. Сілтемелер.
Біз өзіміздің сілтемелер үшін басқа компаниялар мен тұлғалар сайттарының жауапкершілігін мойнымызға алмаймыз.Бұл жағдайда сіздің жеке мәліметтеріңізді пайдалану үшін бұл сайттардың қауіпсіздік саясатының шарттары амалға асырылады.

4. Пайдалану жағдайларының жолдары
Бұл сайтта сіз кез –келген уақытта өзіңіздің жеке деректеріңізді қорғау туралы мәліметпен таныса аласыз.Ілгерідегі кез-келген қолдану туралы өзгерістер және деректерді қорғау жайлы мәліметтер осы сайтта жарияланатын болады.Осы сайттың ғаламтордағы тұрақты мекенжайы: www.lrworld.com/kz/Datenschutz

5. Сіздің сұрақтарыңыз бен тілектеріңіз бар ма?
Сіздің деректерді қорғауға қатысты сұрақтарыңыз бен ескертпелеріңіз біз үшін өте маңызды. Біз сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымыз,және сіз сұрақтарыңызды төменде көрсетілген мына мекен-жайға жібере аласыз: datenschutz@lrworld.com

 

LR Health & Beauty Systems GmbH, мәлімет 01.01.2012 жылдан

Why LR

Values
Company carRemuneration systemRecognition
Success stories

LR products

Products cataloguesLR ALOE VIALR ZEITGARDDeluxe

LR star-concept

Guido Maria KretschmerCristina FerreiraKarolina KurkovaBruce Willis

Company LR

DevelopmentDirect salesLR GLOBAL KIDS FUND
Д-р Томас ШтофмельThomas HeursenDr. Andreas Laabs

Networked with:

TwitterFacebookXINGLinked inYoutubeInstagram

Member of:

BDDBDIHVKESELDIA

Cooperation with:

Mercedes-BenzVolkswagenPorscheDHLIASCSGS INSTITUT
FRESENIUS
DermatestZEITGARD